Зиин К. Р. Проблемы суррогатного материнства и применение вспомогательных репродуктивных методов и технологий Республики Казахстан и Российской Федерации (сравнительно-правовой анализ) // Международный научный журнал "Интернаука". - 2017. - №17.
Юридические науки
№ УДК 347.6:614.2(574+470)
Зиин Камила Радиевна
«Университет КАЗГЮУ» АҚ магистранты
Зиин Камила Радиевна
Магистрант АО «Университет КАЗГЮУ»
Ziin Kamila
Undergraduate of JSC «KAZGUU Universіty»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СУРРОГАТ АНА БОЛУ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АНАЛИЗ)
ПРОБЛЕМЫ СУРРОГАТНОГО МАТЕРИНСТВА И ПРИМЕНЕНИЕ ВСПОМОГАТЕЛЬНЫХ РЕПРОДУКТИВНЫХ МЕТОДОВ И ТЕХНОЛОГИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН И РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ (СРАВНИТЕЛЬНО-ПРАВОВОЙ АНАЛИЗ)
PROBLEMS OF SURROGATE MOTHERHOOD AND USE OF ASSISTED REPRODUCTIVE METHODS AND TECHNOLOGIES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN AND THE RUSSIAN FEDERATION (COMPARATIVE LEGAL ANALYSIS)
Аңдатпа. Берілген мақалада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттеріндегі суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданудың ағымдағы жағдайы мен мәселелері қарастырылған. Берілген мемлекеттерде суррогат ана болудың құқықтық реттеуде, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінде, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінде және Ресей Федерациясының «Отбасы» Кодексі мен «Ресей азаматтарының денсаулығын қорғау негіздері» туралы федералдық заңында реттелген ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталып, мүмкіндігінше осы сұрақтар төңірегіндегі мәселелердің шешу жолдары ұсынылған.
Кілт сөздер: суррогат ана, суррогат ана болу шарты, қосалқы репродуктивтік технологиялар, генетикалық ата-ана, бедеулік, суррогат ана болу келісім-шарты
Аннотация. В данной статье рассмотрены текущая ситуация и проблемы суррогатного материнства и применение вспомогательных репродуктивных методов и технологий в Республике Казахстан и Российской Федерации. Определяя разницы и сходства прававого регулирования в Кодексе Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье»,в Кодексе Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения», в «Семейном кодексе Российской Федерации» и Федеральном законе «Об основах охраны здоровья граждан в Российской Федерации» суррогатного материнства, были предложены общие пути решения.
Ключевые слова: суррогатная мать, вспомогательные репродуктивные технологии, генетические родители, бесплодие, договор о суррогатном материнстве.
Summary. This article describes the current situation and problems of surrogacy and use of assisted reproductive methods and technologies in Republic of Kazakhstan and Russian Federation. Defining the differences and similarities of the legal regulation of surrogacy, all the common solutions has been offered.Including the Code of the Republic of Kazakhstan "On Marriage (Matrimony) and Family", the Code of the Republic of Kazakhstan "On the health of the people and the health care system", "Family Code of the Russian Federation"and the federal law "On the fundamentals of protecting the health of citizens in the Russian Federation".
Key words: surrogate, surrogacy, assisted reproductive technology, genetic parents, infertility, contract for surrogate motherhood.
Отбасы - мемлекетпен әлеуметтік және құқықтық жақтарынан қорғалатын қоғамның басты ұясы, оған дәлел Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабы, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады [1]. Әсіресе, балалардың болуы мен олардың саны мемлекетіміздің демографиясына әсер ететін өзекті мәселе болып табылады. Негізінен қатынастарын заңды түрде бекіткен әрбір ерлі-зайыптылардың баланы жоспарлау жағдайы қалыпты болып саналады, алайда статистикаға сәйкес қазақстандық ерлі-зайыптылардың шамамен 15 % бала сүйе алмайды [2, 20 бет]. Қазіргі кезде бедеулік ғалымдар мен дәрігерлер назарындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Бедеулік – бұл әртүрлі факторлар әсерінен, мысалы, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ер адамдардың денсаулығының нашар болуы, қоршаған ортаның әсері, дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау және т.б. әсерінен туындайтын құбылыс [3, 25 бет]. Көріп отырғанымыздай бедеуліктің себептері көп, бірақ оны шешу жолдары да жеткілікті. Солардың бірі суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижелерінде сәби сүю бақытына кеңелген отбасылар көп. Суррогат ана көмегімен туған балалар ерлі зайыптылардың отбасын сақтап қалуына әсерін тигізіп, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруы үшін оң шешім болған соң оны заңдастыруға тура келді. Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану мәселелері Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінде [4], «Халық денсаулығы және денсаулығын сақтау жүйесі» туралы Кодексінде [5] және Ресей Федерациясының «Отбасы» Кодексі [6] мен «Ресей азаматтарының денсаулығын қорғау негіздері» туралы федералдық заңында [7] реттелген.
Қазақстан Республикасының заңнамасында суррогат анаға қатысты бір тарау арналған. Бұл тарау 6 баптан тұрады. Онда суррогат ана болу шарты, суррогат ана болу шартының мазмұны, суррогат анаға қойылатын талаптар, суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану, суррогат ана болу шартының немесе қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданудың құқықтық салдары қарастырылған.
Суррогат ана - суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел [4].
Қазақстанда суррогат ана болуы және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану қазіргі кездегі бала көтере алмау мәселесін жеңудің ең жаңа және салыстырмалы түрде тиімді әдістердің бірі болып табылады. Ресей Федерациясы суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік технологиялардың басқа әдістерін қолдану бойынша озық мемлекеттер қатарына жатады. Берілген мемлекеттерде cуррогат анаға қойылатын талаптары болып:
Ресей Федерациясында жасанды ұрық жасауға заңнама түрде 1995 жылдан бастап, жаңа Отбасы кодексінде бекітілген [6]. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі түсік санын, әсіресе жастар мен жас аналар арасында азайту мақсатымен отбасыны жоспарлау саласындағы бағдарламаларды белсенді қолдап отыр. Сонымен қатар олар әйелдер мен ер адамдарға ұрықтылық мәселесін шешуге көмектесетін қосалқы репродуктивтік технологияны енгізу және қолдауға бағдарланған. Белгілі болғандай, Ресейде туу санының төмендеу үдерісі байқалады және Ресейдің денсаулық сақтау министрілігі қосалқы репродуктивтік технологияны қолдануға үлкен үміт артады.
Алайда, Ресейдегі қазіргі өзекті мәселелердің бірі суррогат ананың баланы беруден бас тартуы болып саналады. Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 51-бабы некедегі және басқа әйелге эмбрионды имплантациялауға жазбаша түрде келісім берген тұлғалар тек суррогат ананың келісімі бойынша ғана баланың ата-анасы ретінде жазыла алады [6]. Байқағандай, бұл ереже баланы армандап жүрген ананың мүддесін мүлдем қорғамайды, сонымен қатар Ресей Федерациясының Отбасы Кодексінің 54-бабында бекітілген өз ата-анасын білу құқығын бұзады. Яғни, Ресей Федерациясында баланың өмірін суррогат ананың шешуге құқығы болады.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасында Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңының 57 бабымен шешіледі: «Туған баланы өзімен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге міндетті» [4]. Яғни Қазақстан Республикасында суррогат ананың балаға деген құқығы болмайды, ол баланы міндетті түрде шарт жасасқан адамдарға беруге міндетті болады [8, 14-15 бет]. Осыдан Ресей Федерациясының заңнамасы суррогат ананың балаға құқығын қолдайтынын байқаймыз. Бұл берілген саладағы ең өзекті мәселесі болып саналады.
Сонымен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттеріндегі суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану мәселесі ерекше өзекті болып табылатынын айта кету керек. Қазақстан Республикасында суррогат ана болу шарты тапсырыс берушілердің тапсыры бойынша суррогат ананың баланы туып беруі болып табылады. Өйткені суррогат ана болу шартының мақсаты суррогат ана тапсырыс берушілерге қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану әдістермен баланы босану. Суррогат ана шарты бойынша тапсырыс берушілер суррогат ана туып берген баланың ата-анасы (заңды өкілі) болып саналады. Сондықтан осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы ережесі орынды.
Әдебиеттер